Журнал туралы

    Баспа басылымы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер»    ғылыми журналы мерзімді ғылыми басылым болып табылады және 2023 жылдан бастап шығарылады. Журналдың құрылтайшысы және баспагері - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 30.12.2022 жылғы № Kz85vpy00062325 куәлігімен есепке қойылды.

    Журналдың негізгі мақсаты - ғылыми қоғамдастыққа және тәжірибешілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің жұмыс істеуін көрсететін перспективалық және өзекті бағыттарға назар аудару, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастығы арасында пікір алмасуды күшейту.

    Журналдың міндеттері: ғалымдардың, жас зерттеушілердің, докторанттардың, магистранттардың, студенттердің, ғылыми және инновациялық қызметпен белсенді айналысатын педагогтардың ғылыми-зерттеу, ғылыми - практикалық және тәжірибелік қызметінің нәтижелерін көрсету; дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және әлемдік салалық ғылымның негізгі жетістіктерін насихаттау; ғылымның озық жетістіктерін дамыту және пайдалану мақсатында ғылыми әлеуетті анықтау.

    Журнал Академиялық адалдық қағидатын және жарияланған ғылыми мақалалардың (соның ішінде шолулардың) журналдың мәлімделген мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкестігін ұстанады. Журналдың әрбір нөмірінде шетел авторларының мақалаларының, сондай-ақ ағылшын тіліндегі мақалалардың болуы міндетті.

    Журналдың баспа пішімі және интернет-ресурсындағы (сайттағы) ашық қолжетімділік қағидаты оқырмандар мен авторлық аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Сайттағы журнал мұрағаты 2023 жылдан бастап қалыптасады.

    Мақала мәліметтері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

    Журналда мақалалар келесі бағыттар бойынша жарияланады:

  1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау.
  2. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт.
  3. Спорттық жаттығулар және бәсекеге қабілеттілік.
  4. Дене шынықтыру және спорт психологиясы.
  5. Спорттық медицина және оңалту.
  6. Спорттық менеджмент.
  7. Спорт құқығы және арбитраж.
  8. Спорт тарихы.