Спорттық жүрек. Тарихы және қазіргі заман кезеңі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.62931/2959-6335_2024_1_24Ключевые слова:
спорттық жүрек, тарих, диагностика, миокард гипертрофиясы.Аннотация
Бұл мақалада 17 ғасырдың басынан бастап біздің заманымызға дейінгі спорттық жүректің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері келтірілген. Авторлар 5 бөлімнен тұратын спорттық жүректі кезең-кезеңімен қалыптастыруды ұсынды, яғни визуалды, физикалық зерттеу әдісінен бастап жүрек-қан тамырлары диагностикасының заманауи аспаптық әдістеріне дейін талдау жасалынды. Мақалада электрокардиографиялық, эхокардиографиялық және рентгендік зерттеулерден кейін спорттық жүректің диагностикасындағы пайда болған өзгерістер егжей-тегжейлі қарастырылады, сонымен қатар жүрек бұлшықетінің физиологиялық бейімделу механизмдері мен құрылымдық қайта құрылуынан туындаған спортшылардың жүрек-тамыр жүйесіндегі сәйкес өзгерістер терең зерттелінеді. Сонымен қатар, бұл шолу мақаласында физиологиялық және патологиялық спорттық жүректің пайда болуы мен қалыптасуы иерархиясына сәйкес отандық және шетелдік ғалымдардың негізгі есімдері туралы ақпарат берілген.