Журнал туралы

«Спорт ғылымындағы зерттеулер» ғылыми журналы мерзімді ғылыми басылым болып табылады (ISSN Print 3135-6184, ISSN Online 3135-6192).

Журналдың миссиясы - дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи ғылыми тақырыптар мен зерттеу нәтижелеріне тоқсан сайын рецензияланатын шолулар беру. Бұған дейін журнал «Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер» атауымен жарық көрген (ISSN 2959-6335 Print, ISSN 2959-6343 Online).

Журналдың құрылтайшысы және баспагері «Қазақ ұлттық спорт универитеті» ЖШС, Астана қ., Қазақстан Республикасы (бұрын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS).

«Спорт ғылымындағы зерттеулер» ғылыми журналы жылына 4 рет жарияланады:

№1 шығарылым - 30 наурызға дейін

№2 шығарылым - 30 маусымға дейін

№3 шығарылым - 30 қыркүйекке дейін

№4 шығарылым - 30 желтоқсанға дейін

Тақырыптық бағыт: спорт ғылымдары (Sports Science), спорт педагогикасы.

 Журналда мақалалар бөлімдер бойынша жарияланады:

1) Спорт физиологиясы және биомеханикасы

2) Спортшыларды оқыту және даярлау

3) Спорттық медицина және оңалту

4) Спорт психологиясы

5) Спорт және технологиялар

6) Бұқаралық спорт және халықтың денсаулығы

7) Спорттық педагогика

8) Спорттық менеджмент

«Спорт ғылымындағы зерттеулер» ғылыми журналында мәліметтерді жариялау Open Journal System (OJS) - ғылыми мақалаларды онлайн-ұсыну және рецензиялау жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Тіркеу немесе авторландыру «Біз туралы» - «Материалдарды  жіберу» бөлімінде қол жетімді. 

Редакторлық қызмет туралы жалпы ережелер мен ақпарат сайтта жарияланған «Спорт ғылымындағы зерттеулер» ғылыми журналының редакциялық саясатында баяндалған.

Текущий выпуск

Том 6 № 1 (2026): СПОРТ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
					Показать Том 6 № 1 (2026): СПОРТ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Опубликован: 2026-05-30

Весь выпуск

Дене шынықтыру және спорт

Показать все выпуски