Журнал туралы

    «Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер» ғылыми журналы мерзімді ғылыми басылым болып табылады және 2024 жылдан бастап шығарылады.

    Журналдың құрылтайшысы және баспагері "Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы" ЖШС (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 30.12.2022 жылғы № Kz85vpy00062325 куәлігімен есепке қойылды.

    Журналдың миссиясы - дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи ғылыми тақырыптар мен зерттеу нәтижелеріне тоқсан сайын рецензияланатын шолулар беру.  Журналдың құрылтайшысы және баспагері - 

    Журналдың негізгі мақсаты - ғылыми қоғамдастыққа және тәжірибешілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің жұмыс істеуін көрсететін перспективалық және өзекті бағыттарға назар аудару, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастығы арасында пікір алмасуды күшейту.

   Журнал Академиялық адалдық қағидатын және жарияланған ғылыми мақалалардың (соның ішінде шолулардың) журналдың мәлімделген мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкестігін ұстанады. Журналдың әрбір нөмірінде шетел авторларының мақалаларының, сондай-ақ ағылшын тіліндегі мақалалардың болуы міндетті.

    Журналдың баспа пішімі және интернет-ресурсындағы (сайттағы) ашық қолжетімділік қағидаты оқырмандар мен авторлық аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Сайттағы журнал мұрағаты 2024 жылдан бастап қалыптасады.

    Мақала мәліметтері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

 Тақырыптық бағыт: дене шынықтыру және спорт.

 Журналда мақалалар бөлімдер бойынша жарияланады:

  1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау.
  2. Спорттық жаттығулар және бәсекеге қабілеттілік.
  3. Бейімдік дене шынықтыру және спорт.
  4. Спорттық медицина және оңалту.
  5. Дене шынықтыру мен спорт психологиясы және педагогикасы.
  6. Спорттық менеджмент және маркетинг.
  7. Спорт құқығы және арбитраж.
  8. Спорт тарихы.
  9. Спорттық инжиниринг.
  10. «Sport for All»