ВОЛЕЙБОЛ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.62931/2959-6335_2025_2_8Ключевые слова:
тиімділік, мәселелерді шешудегі құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, волейбол, жетілдіру, электронды оқулықАннотация
Зерттеудің өзектілігі студенттердің электрондық оқу құралдарымен жұмыс істеу барысында оларды тиімді қолдануға қажетті белгілі бір білім мен дағдыларға ие болуы қажеттігімен байланысты. Практикалық қызмет барысында студенттер мен педагогтар тарапынан келесі сипаттағы мәселелер туындайды. Атап айтқанда, студенттер болашақ кәсіби қызметінде волейбол бойынша бағдарламалық материалдарды электрондық оқу құралы арқылы оқушыларға жеткізу, байланыс орнату және түсіндіру тәсілдерін меңгеруі тиіс. Ал педагогтар тарапынан бұл құзыреттіліктерді студенттерде қалыптастыру үшін жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын әдістемелік жұмыс жүргізілуі қажет. Зерттеудің негізгі идеясы волейболды оқытуға арналған электрондық оқу құралын пайдалану барысында ақпараттық және коммуникативтік сипаттағы мәселелерді шешу бойынша студенттердің құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемелік жолдарын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында аталған құзыреттіліктерді қалыптастырудың критерийлері мен кезеңдері анықталды, электрондық оқу құралымен жұмыс істеудің алгоритмі ұсынылды, сондай-ақ осы құзыреттіліктердің бастапқы қалыптасу деңгейі айқындалды. Ұсынылған қалыптастыру жолдарының ғылыми негізділігі дәлелденді. Бақылау нәтижесінде оң өзгерістер байқалды: зерттеу тобы бойынша бірінші деңгейдегі құзыреттілік көрсеткіші 54,4%-тен 15,4%-ке дейін төмендеді, екінші деңгейдегі үлес 42,6%-тен 74,2%-ке дейін артты, ал үшінші деңгейдегі көрсеткіш 5%-тен 10,4%-ке дейін өсті.
