БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГТЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.62931/2959-6335_2025_3_17

Ключевые слова:

инклюзивті білім беру, дене шынықтыру педагогі, кәсіби даярлау, медициналық модель, әлеуметтік модель, толеранттылық, қолайлы орта

Аннотация

Мақалада спорт саласындағы кәсіби мамандарды даярлау барысындағы инклюзивті білім беру мәселелері мен оны шешу жолындағы толеранттылық компоненттері қарастырылады. Инклюзивті білім беру мәселелерінде болашақ дене шынықтыру және спорт саласының кәсіби бағыттылығын ескере отырып шешудің мәні мен қажеттілігі негізделеді. Авторлар Білім беру саласы бойынша алыс және жақын шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі инклюзивті білім беру мәселелерін Oxford University Press және Passport «Euromonitor International», Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапхана, Polpred, eLibrary, Google Scholar, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Nauka.kz платформасы бойынша талдау жасап, инклюзивті білім беру мәселелерін шешудің технологиялары мен тәсілдемелерін айқындайды. Инклюзивті білім беру мәселелерін толеранттылықтың компоненттерімен байланыстырып Қазақ ұлттық спорт университетінде оқитын 1-курс студенттеріне сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға «6B01407 Дене шынықтыру және спорт (IP)», «6B01406 Бейімдік дене тәрбиесі педагогы» Білім беру бағдарламалары бойынша 359 студент қатысады. Сауалнама барысында анықталған мәселелерді шешу мақсатында болашақ дене шынықтыру және спорт педагогтерінің инклюзивті білім беру мәселелерін шешу тетіктерін толеранттылық компоненттеріне сәйкес қарастырып, ұсыныстар беріледі.

Биографии авторов

Молдир Сейдина, Қазақ ұлттық спорт университетi

PhD, Қазақ ұлттық спорт университетінің спорттағы менеджмент және инновация департаментінің қауымдастырылған профессоры, Астана, Қазақстан.

e-mail: m_seidina@apems.edu.kz

Канат Нигметов*, ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

магистр, информатика кафедрасының докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан.

e-mail: kanatnigm@gmail.com

Наргиз Есимова, Қазақ ұлттық спорт университетi

магистр, Қазақ ұлттық спорт университетінің менеджмент және спорттағы инновация департаментінің сеньор-лекторы, Астана, Қазақстан.

e-mail: n_yessimova@apems.edu.kz

 

Загрузки

Опубликован

2026-03-03

Выпуск

Бөлім

Дене шынықтыру және спорт