ЖЕКПЕ-ЖЕК СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ӘЙЕЛ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУ-ЖАРЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОВАРИАЛДЫ-МЕНСТРУАЛДЫҚ ЦИКЛ ФАЗАЛАРЫ: ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.62931/2959-6335_2025_4_32Ключевые слова:
менструалдық цикл, әйелдер физиологиясы, спорттық жұмыс қабілеті, гормондық фазалар, жаттығу үдерісін жоспарлау, жекпе-жек спорт түрлеріАннотация
Мақалада овариальды‑менструалды циклдің (ОМЦ) фазаларының әйел спортшыларының физиологиялық жағдайына, жаттығуларға бейімделуіне және жарыстық қызметіне әсері жөніндегі ғылыми деректердің кешенді шолуы ұсынылған, соның ішінде жекпе-жек спорт түрлері (дзюдо, әйелдер күресі, джиу-джитсу, бокс) назарға алынған. Гормондық өзгерістердің механизмдері, олардың аэробты және анаэробты көрсеткіштерге, күштік қасиеттерге, қалпына келуге және субъективті жұмыс қабілетіне әсері қарастырылған. Клиникалық зерттеулер мен жүйелі шолулардың нәтижелері талданып, ОМЦ-ның спорттық қабілетке әсерінің дау тудыратын және тұрақты эффектілері анықталған. Тренерлер мен спортшыларға арналған практикалық ұсыныстар талқыланып, әйелдер спортшыларының физиологиясы саласындағы әрі қарайғы зерттеулер перспективалары көрсетілген.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Бөлім
Лицензия
This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
