YOLO26X-POSE ЖӘНЕ БАЛУАНДАРДЫ ҚАЙТА ТАНУ НЕГІЗІНДЕ КҮРЕС БЕЛДЕСУЛЕРІН НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ АВТОМАТТЫ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.62931/2959-6335_2026_1_60Ключевые слова:
интеллектуалды жүйе, күрес, компьютерлік көру, дене қалпын анықтау, қайта тану, шекті автомат, нақты уақыттағы аналитика.Аннотация
Бұл жұмыста YOLO26x-Pose детекторы негізінде әзірленген, күрес белдесулерін нақты уақыт режимінде талдау жүйесі ұсынылған. Жүйе ретімен орындалатын төрт модульден тұрады: қос балуанның дене қалпын екі өлшемді анықтау; сырт келбет сипаттарына негізделген қайта тану (ReID) - бұл үшін MobileNetV3-Small эмбеддингтері, Мажар алгоритмі және деректерді жаңартуға арналған үш жылдамдықты экспоненциалды жылжымалы орташа мән (EMA) қолданылады; қаңқа геометриясына сүйене отырып, белдесу барысын бес күйдің біріне (АРАҚАШЫҚТЫҚ, КЛИНЧ, ПАРТЕРГЕ ТҮСІРУ ӘРЕКЕТІ, ПАРТЕР, ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙ) жатқызатын эвристикалық шекті автомат (FSM); сондай-ақ гомография әдісімен жасалған кілемнің жоғарыдан төмен қарай көрінетін шағын картасы. Қайта тану (ReID) модуліне балуандардың өзара айқасып қалған сәттерін ескере отырып EMA мәндерін тоқтату, тірек нүктелерінің ауытқуынан қорғау, боз кілемдегі аймақтар бойынша пассивтілік уақытын есептеу және әр кадр сайын CSV форматында деректерді тіркеу функциялары енгізілген. Графикалық процессорда (GPU), тағылатын сенсорларсыз-ақ бұл жүйе иденттілікті сақтаудың орташа дәлдігін (IPR) 90,1%, белдесу күйін анықтау тиімділігін (FSM) 85,0% және секундына 27,7 кадр (FPS) өнімділігін көрсетті.

