Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге қажет Жүйеге кіру немесе Тіркелу.

Материалды жөнелтуге дайындаудың бақылау тізімі

Жіберу процесінің кезеңдерінің бірі ретінде авторлар өздерінің материалдарының барлық келесі тармақтарға сәйкестігін тексеруі керек, егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, материалдар авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Этот материал ранее не был опубликован, а также не был представлен для рассмотрения и публикации в другом журнале (или дано объяснение этого в Комментариях для редактора).
  • Файл с материалом представлен в формате документа OpenOffice, Microsoft Word или RTF.
  • Приведены полные интернет-адреса (URL) для ссылок там, где это возможно.
  • Текст набран с одинарным межстрочным интервалом; используется кегль шрифта в 12 пунктов; для выделения используется курсив, а не подчеркивание (за исключением URL-адресов); все иллюстрации, графики и таблицы расположены в соответствующих местах в тексте, а не в конце документа.
  • Текст соответствует стилистическим и библиографческим требованиям, описанным в Руководстве для авторов, которое можно найти на странице «О журнале».

Авторларға арналған нұсқаулық

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Редакциялық кеңес журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақала электрондық форматта (doc, .docx,.rtf форматта), журнал сайтының (Open Journal System) функционалдығымен жүктеу арқылы ғана ұсынылады.

 

  1. Журнaлдың пішімі: Microsoft Word (doc). Парақ пішімі: А4. Жоғарғы және төменгі жиегі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см. Негізгі қаріп: Times New Roman. Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі: 12 кегль. Кестелердің, сілтемелердің, сызбалардың, кестелердің, диаграммалар мен суреттердің мәтінінде (12 кегельден) кіші өлшемдегі қаріпті пайдалануға рұқсат етіледі. Жоларалық интервал: дара. Мәтінді туралау: ені бойынша, сөз тaсымaлданбауы керек.  Азат жол (қызыл жол): 1,0 см.
  2. Мақалада мәтін суреттердің жанына емес, төмен жағына жазылады. Суреттер анық болуы және суреттегі жазулар оңай оқылуы керек. Суреттер мен кестелерде жазбалар болмауы керек. Суреттер тұтас пішімде болуы тиіс (жекелеген бөліктерді, фигураларды, жазбаларды және т.б. біріктіріп сурет жасауға болмайды). Барлық суреттер мен кестелер нөмірленуі қажет. Кестелер мен суреттерді нөмірлеу бөлек жүргізіледі. Мақала мәтінінде міндетті түрде кестелерге, суреттерге, графиктерге сілтемелер болуы тиіс. Барлық кестелер мен суреттердің (егер кесте немесе сурет басқа жерден алынған болса) дереккөз сілтемелері көрсетілуі тиіс немесе авторлардың суреті екені көрсетілуі керек. Статистикалық деректерді пайдаланған кезде кестелер мен суреттерде (деректер негізінде авторлар тарапынан құрастырылған) деп көрсетілуі тиіс.
  3. Формулаларды жасау үшін тек стандартты Microsoft Office құралдарын пайдаланыңыз.
  4. Мақаланы журналға жариялауға берген кезде төменде көрсетілгендерге жол берілмейді:

- беттерді нөмірлеу;

- мәтінде беттердің алшақтықтарын пайдалану;

- автоматты бет сілтемелерін пайдалану;

- автоматты тасымалдарды пайдалану;

- сирек немесе тығыздалған әріптік аралықты пайдалану;

- мақаланың бөлімдеріндегі мәтіндерді қалың қаріппен белгілеу.

 

  1. Әдебиет тізімдерінің сілтемелері тік жақшада рәсімделеді:

 

Қазақ тілінде - [1]; [1, б. 78]; [189, б. 42-43].

Орыс тілінде - [1]; [1, с.78]; [189, с. 42-43].

Ағылшын тілінде - [1]; [1, б.78]; [189, p. 42-43].

 

  1. Мақала көлемі – 7 беттен кем болмуы керек.
  2. Мақаланың түпнұсқалығы кем дегенде 60% болуы керек. Шолу мақалаларының түпнұсқалығы 40% және одан жоғары, егер мақалада пайдаланылған материал және авторлық қорытындылар толық талданған болса, бір ақпарат көзінен бұрыс және көп көлемде ақпарат алынбауы қажет.
  3. Мақала келесі ережелерге сәйкес рәсімделуі тиіс: жоғарғы сол жақ бұрышында – ҒТАМР, бос жолдан кейін, ортасында авторлардың тегі және аты-жөнінің инициалы (5 автордан көп емес), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (қысқартусыз, толық жазылуы қажет), төменірек ЖОО-ның немесе ғылыми мекеменің атауын, мемлекет пен қала атауын жазу керек. Ортасында бос жолдан кейін мақаланың атауы бас әріптермен жазылады. Бос жолдан кейін, парақтың ені бойынша бос жолдан кейін – аңдатпа (100-200 сөз аралығында) және 5-7 түйін сөздер және бос жолдан кейін, мақаланың мәтіні жазылады. Мақаланың соңында бос жолдан кейін «Әдебиеттер тізімі» көрсетіледі. Әрі қарай, аударылған әдебиеттер тізімі.

 

*Журналдың бір санында бір автордың екіден көп емес мақаласы жариялануы мүмкін.

 

  1. Мақала атауы, авторлардың толық аты-жөні, аңдатпа және түйін сөздер үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) болуы тиіс. Аударма сапалы және мамандар тарапынан орындалуы керек.
  2. Аңдатпа орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде 100-200 сөзден тұрып, мақаланың мазмұнын көрсетуі керек, себебі көптеген оқырмандар үшін бұл зерттеу туралы негізгі ақпарат көзі болып табылады.
  3. Барлық қысқартулар мақалада бірінші рет қолданған кезде толық жазылуы керек.
  4. Мақаланың құрылымы

 

  • Ғылыми мақала:

- мақаланың атауы, барлық авторлардың тізімі, аффилиация, аңдатпа, түйін сөздер;

- мақала IMRAD құрылымы бойынша ресімделеді: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі.

 

  • Шолу мақаласы:

- мақаланың атауы, барлық авторлардың тізімі және электрондық пошталары, аффилиация, аңдатпа, түйін сөздер;

- әдеби шолудың бөлімдері IMRAD құрылымы бойынша ресімделуі мүмкін: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі.

 

  1. Автордың (лардың) аты-жөнін, мақаланың атауын және бөлімдердің атауларын: "Аңдатпа", "Түйін сөздер", "Кіріспе" (зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері), "Материалдар мен әдістер", "Нәтижелер", "Талқылау", "Қорытынды", "Қаржыландыру туралы ақпарат" (бар болса),"Әдебиеттер тізімі" бөлімдерінің атауларын қалың қаріппен жазып көрсету қажет.

 

  • Хат алмасау үшін автордың тегі, аты-жөні және электрондық поштасы жеке жолда көрсетілуі керек.
  • Бірінші авторды, автордың инициалдарынан кейін латын әрпімен "а" деп белгілеу қажет, мысалы, 1Құлбаев А.Т.а
  • Егер бірінші автор хабар алмасу үшін автор болса, онда ресімдеу үлгі бойынша жүргізіледі:

 

Бірінші автор және корреспонденция үшін бірінші автор: Телемгенова А. М. t.a.m_111@inbox.ru

 

  1. "Материалдар мен әдістер" бөлімі келесілерді қамтуы керек:
  • зерттеу жүргізу үрдісі;
  • үлгі сипаттамасы: эксперимент немесе сауалнама қатысушыларының саны, жынысы, жасы және басқа да сипаттамалары;
  • зерттеу барысында қолданылған әдістер мен әдістемелердің сипаттамасы;
  • талдау мен статистикалық өңдеу әдістері және репродуктивтілікті қамтамасыз етудің басқа тәсілдері.

 

  1. Сандық деректерді ұсыну кезінде талдау мен статистикалық өңдеудің заманауи әдістерін қолдану қажет.

 

16.Әдебиеттер тізімі.

  • Әдебиеттер тізімінің көлемі кемінде 7-8 дереккөз болуы керек.
  • Библиографияда негізгі жұмыстардан басқа, соңғы 5 жылдағы басылымдар болуы керек.
  • Web of Science, SCOPUS, РҒДИ базаларына кіретін жоғары дәйексөзге ие шетелдік және қазақстандық журналдардың мақалаларына сілтемелердің болуы міндетті.
  • Мақаланың DOI немесе URL сілтемесін көрсету керек.
  • Мәтіндері интернет желісінде қолжетімді болса, барлық дереккөздер үшін URL мекенжайын (сілтемені) және жүгіну күнін көрсету ұсынылады.
  • Өз жұмыстарына сілтеме жасауға рұқсат етіледі, 30%-дан аспайтын көлемде болуы керек.
  • Әдебиеттер тізімі мәтіндегі (алфавит бойынша емес) дереккөздердің көрсетілу ретімен сілтеме жасалуы керек және мақаланың соңында орналастырылуы керек. Қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер тізімін ресімдеу стилі ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттамаға сәйкес. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері".

Авторлар библиографиялық мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.

 

Жарияланбаған диссертациялық жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

Әдебиет тізімдеріндегі пайдаланылатын дереккөздердің дұрыс сипатталуы, дәйексөз берілген жарияланым авторларының және олар ұсынатын ұйымдардың ғылыми қызметін бағалау кезінде ескерілетініне кепіл болады.

  • Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет:

Біріншісі – түпнұсқада;

Екінші - романизацияланған алфавитпен (транслитерация http://www.translit).

 

Мысалы:

 

Әдебиеттер тізімі

 

1 Федоров А.И., Авсиевич В.Н., Ившин В.Л., Голубков А.В. Поведенческие риски в отношении современных студентов к своему здоровью // Материалы XXI российской научно-практической конференции (с международным участием) Российский человек и власть в контексте радикальных изменений в современном мире: доклады / редкол.: Л.А. Закс и др. – Екатеринбург: Гуманитарный университет, 2019. – С. 929-933.

 

References

 

1 Fedorov A.I., Avsievich V.N., Ivshin V.L., Golubkov A.V. Povedencheskie riski v otnoshenii sovremennyh studentov k svoemu zdorov'yu // Materialy XXI rossijskoj nauchno-prakticheskoj konferencii (s mezhdunarodnym uchastiem) Rossijskij chelovek i vlast' v kontekste radikal'nyh izmenenij v sovremennom mire: doklady / redkol.: L.A. Zaksidr. – Ekaterinburg: Gumanitarnyj universitet, 2019. – S. 929-933.

  • Ағылшын тіліндегі мақалаларда әдебиеттер тізімі тек ағылшын тілінде ұсынылады, мысалы:

References

  • Arcelli, E., Canova R. Trenirovka v marafonskom bege: nauchni podhod [Training in marathon running: a scientific approach]. Moscow, House Terra-Sport Publ., – 2000. – 70 p
  • Kiryanov M. A., Kalinin I.N., Kharitonova L.G. [Rheographic performance athletes cyclic sports].Bulletin of the South Ural state University. Ser. Education, Healthcare Service, Physical Education, 2010, on 24 (200), 125-128(in Russ.).
  • Larsen, H. B. Kenyan dominance in distance running. Comparative Biochemistry and Physiology Part A: Molecular and Integrative Physiology, on. 136(1), pp. 161-170.

17. АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жеке бетте әрбір автор туралы қосымша мәліметтер көрсетіледі:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толығымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде*, ғылыми (академиялық) дәрежелері және ғылыми атақтары (бар болса), лауазымы, ұйымы (атауы, қаласы, елі), e-mail, цифрлық сәйкестендіргіштері: міндетті түрде - ORCID ID, бар болса - Scopus Author ID, Researcher ID.
  1. 18. Мақалаларды жариялау ТЕГІН негізде жүргізіледі.

 

  1. 19. Ғылыми мақаланы рәсімдеу үлгісі 1-қосымшада берілген.

 

Құрметті авторлар, Қазақстан Республикасында барлық салалар бойынша оның ішінде "Дене шынықтыру және спорт "бекітілген терминологияны қазақ тілінде қолдану үшін, https://termincom.kz/ сайттың пайдалануды ұсынамыз. Бұл сайт  ғылым мен білім, техника мен экономика, қоғамдық –әлеуметтік өмір терминдерінің, сөздерінің, сөз тіркестерінің Республикалық бірыңғай терминологиялық электрондық базасы болып табылады.

 

 Қосымша 1

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ҒТАМР 77.03.05

 

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНДА   ДЕНЕ   ШЫНЫҚТЫРУ   МЕН   БҰҚАРАЛЫҚ   СПОРТТЫ   ДАМЫТУДЫҢ   ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

 

1Тен А.В., 2Зауренбеков Б.З., 3Байтасов Е.К., 2Телемгенова А.М., 4Шепетюк Н.М.

 

1 Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, Астана қ., Қазақстан

2 Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан

3Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

4 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

 

Хат алмасу үшін автор: Телемгенова А. М. t.a.m_111@inbox.ru

 

Аңдатпа. 100-200 сөз

Түйін сөздер: 5-7 сөз

 

 

ПЕРСПЕКТИВЫ   И   ВОЗМОЖНОСТИ   РАЗВИТИЯ   ФИЗИЧЕСКОЙ   КУЛЬТУРЫ   И   МАССОВОГО   СПОРТА   В   РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

1Тен А.В.а, 2Зауренбеков Б.З., 3Байтасов Е.К., 2Телемгенова А.М., 4Шепетюк Н.М.

 

1Академия физической культуры и массового спорта, г. Астана, Казахстан

2Казахская академия спорта и туризма, г. Алматы, Казахстан

3Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, г. Астана, Казахстан

4Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан

 

Автор для корреспонденции: Телемгенова А.М.  t.a.m_111@inbox.ru

 

Аннотация. 100-200 слов

Ключевые слова: 5-7 слов

PROSPECTS AND OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF PHYSICAL CULTURE AND MASS SPORTS IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

 

1Ten A., 2Zaurenbekov B., 3Baitasov Y., 2Telemgenova A., 4Shepetyuk N.

1 Academy of Physical Education and Mass Sports, Astana, Kazakhstan

2 Kazakh Academy of Sports and Tourism, Almaty, Kazakhstan

3 L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

4Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

 

Corresponding author: Telemgenova A.M. t.a.m_111@inbox.ru

 

Abstract. 100-200 words.

Key words: 5-7 words

 

 

Кіріспе... мақала мәтіні

 

Әдістер мен материалдар ... мақала мәтіні

Нәтижелер … мақала мәтіні

Талқылау ... мақала мәтіні

Қорытынды ... мақала мәтіні

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) ... мақала мәтіні

 

Әдебиеттер тізімі

 1 Тен А.В., Шепетюк М.Н., Наурызбаева А.А., Байтасов М.К. О развитии физической культуры и массового спорта по месту жительства в Республике Казахстан // Материалы XXVII междунар. науч. конгресса «Олимпийский спорт и спорт для всех», Душанбе, 2021. – Том 2. – С. 281-289.

2 Авсиевич В.Н., Мухамбет Ж.С. Совершенствование подготовки научно-педагогических кадров в области физической культуры и спорта в Республике Казахстан // Теория и методика физической культуры. – 2018. –  №4 (54). – С. 17-23.

3 Мухамбет Ж.С. Влияние спортивных нагрузок на мотивацию занятий спортом в студенческой среде высшего учебного заведения: 6D010800 – «Физическая культура и спорт»: диссертация на соискание ученой степени доктора PhD. – Алматы, 2021. – 174 с.

 

References

1 Ten A.V., Shepetjuk M.N., Nauryzbaeva A.A., Bajtasov M.K. O razvitii fizicheskoj kul'tury i massovogo sporta po mestu zhitel'stva v Respublike Kazahstan // Materialy XXVII mezhdunar. nauch. kongressa «Olimpijskij sport i sport dlja vseh», Dushanbe, 2021. – Tom 2. – S. 281-289.

2 Avsievich V.N., Muhambet Zh.S. Sovershenstvovanie podgotovki nauchno-pedagogicheskih kadrov v oblasti fizicheskoj kul'tury i sporta v Respublike Kazahstan // Teorija i metodika fizicheskoj kul'tury. – 2018. –  №4 (54). – S. 17-23.

3 Muhambet Zh.S. Vlijanie sportivnyh nagruzok na motivaciju zanjatij sportom v studencheskoj srede vysshego uchebnogo zavedenija: 6D010800 – «Fizicheskaja kul'tura i sport»: dissertacija na soiskanie uchenoj stepeni doktora PhD. – Almaty, 2021. – 174 s. 

 

АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Тен Алина Владимировна - педагогика ғылымдарының магистрі; ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы; Астана қ., Қазақстан.

Тен Алина Владимировна – магистр педагогических наук; директор департамента науки и международного сотрудничества, Академия физической культуры и массового спорта;        г. Астана, Казахстан,

Ten Alina – Master of Pedagogical Sciences; Director of the Department of Science and International Cooperation, Academy of Physical Education and Mass Sports; Astana, Kazakhstan.

Tel.: +7 …….

e-mail: alina_ten@apems.edu.kz

ORCID iD: https://orcid.org/0000-0003-0995-9966

Scopus Author ID: 55960431800 _______________________________________________________________________

Пікір берушінің пікіріне сәйкес мақала авторларға қайта өңдеу және түзету үшін қайтарылған жағдайда, мақала 15 күнтізбелік күн ішінде түзетілген нұсқа түрінде қайтарылуы тиіс. Көрсетілген түзету мерзімнен кеш түскен мақалалар жаңадан түскен мақала ретінде қарастырылады. Редакция қажетті нақтылаулар мен қысқартулар жасау құқығын, сондай-ақ авторларға өз мақалаларын қысқартуды ұсыну құқығын өзіне қалдырады.

"Sport for All"

Осы бағыт бойынша бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мәселелеріне арналған мақалалар жарияланады.

http://www.tafisa.org/  

Құпиялылық туралы мәлімдеме

Имена и адреса электронной почты, введенные на сайте этого журнала, будут использованы исключительно для целей, обозначенных этим журналом, и не будут использованы для каких-либо других целей или предоставлены другим лицам и организациям.