СПОРТТЫҚ ҰЙЫМДАРДА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.62931/2959-6335_2025_4_52Ключевые слова:
цифрлық сауаттылық, спорттық ұйымдар, оқыту курстары, цифрландыру, тиімділік, кәсіби құзыреттер, инновациялық технологиялар.Аннотация
Бұл мақалада спорттық ұйымдарда цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған курстардың тиімділігі жан-жақты талданады. Қазіргі заманғы спорт саласында басқару процестерін толық цифрландыру, статистикалық деректерді өңдеу, нәтижелерді талдау және спортшылардың коммуникациясы қажеттілігі артып келеді. Осыған байланысты цифрлық құзыреттілікті дамыту курстарының рөлі өте маңызды. Зерттеу спорт ұйымдары қызметкерлерінің бастапқы цифрлық дайындық деңгейін, оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту форматтарын, яғни онлайн және офлайн, олардың кәсіби өнімділікке әсерін қарастырады. Курстан өткен мамандардың жұмысының тиімділігі, ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті және басқару процестерінде инновацияларға бейімділігі бағаланады. Нәтижесінде цифрлық сауаттылық курстары спорттық ұйымдардың жалпы тиімділігін арттыруға, мәліметтер негізінде шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға және ішкі ұйымдастырушылық басқарудың заманауи модельдерін нығайтуға ықпал ететіні белгілі болды.
Талдау нәтижелері спорттық ұйымдарда цифрлық дағдыларды жүйелі дамыту тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететінін көрсетеді, тиімді оқыту бағдарламасы қызметкерлерге технологиялық өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік береді.

